17 Қыркүйек, 2011

Мәжіліс конференция ұйымдастырады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінде 29 қыркүйекте «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке – 20 жыл» деген тақырыпта халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдас­ты­рылады. Еліміздің жоғарғы  өкілетті ор­ганы аталған шараның ай­дарбелгісін  бекітті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Респуб­ли­касы, Ресей Федерациясы пар­ла­менттерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, бірқатар ми­нистрліктер мен ведом­ство­лар­дың өкілдері, ғалымдар мен са­рапшылар қатысады деп кү­тілуде. Конференция «Тәуелсіздік пен ұлттық ой-сананың жетілуі», «Тәу­елсіздік – жаңа Қазақ­стан­ның басты байлығы», «Қа­зақстан барысы мен Беларусь зубры: 20 жыл бойы бірге», «Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия жо­басы: ресейлік көз­қа­рас», «Қа­зақстан қазіргі геосаяси шындық алаңында», т.б. өзек­ті тақы­рыптарды қамтиды, деп ха­бар­лады Мәжілістің бас­па­сөз қыз­меті.