30 Қараша, 2016

Сирек суреттердегі сәулелі сәттер

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
era_5143Астанада ұлттық мереке – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының қолдауымен «Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде» атты фотокөрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Sputnik тілшіле­рінің 1990 және 2016 жылдар аралығында түсірген Қазақ­станның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен алынған сәттер бейнеленген 30-ға жуық мұрағаттық сирек суреттер қой­ылыпты. Sputnik объективінен  еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ресми және ресми емес ортада, әріптестері мен отбасы мүшелерінің арасында көре аласыздар. Сондай-ақ, көрмеге келушілер Қазақстан Пре­зидентінің Ресей Мемлекеттік Ду­масында сөз сөйлеген сәттерін, Михаил Горбачевпен, Борис Ельцинмен, Владимир Путин­мен, Дмитрий Медведевпен кездесулерінің бейресми кадрларын көре алады. 1994 жылғы қарашада орбиталық «Мир» станциясында ғарыштық сапарын аяқтаған Талғат Мұсабаевты Жерде қарсы алудың тарихи мезеттерімен қатар халықаралық ұйымдар саммиттерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік көшбасшылар ортасында түскен сирек суреттері де осында орналастырылыпты. Көрме суреттері тарих беттерінен сыр шертуімен  және олардың көпшілігі бұрын жарияланбаған сиректігімен құнды болып отыр. Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылғы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қа­зақ және орыс тілдеріндегі ақ­параттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технология­лы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді. Sputnik Қазақстан ондаған елдерге таралған халық­аралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді. Sputnik жаңалықтар таспасы оқыр­мандар үшін ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде тәулік бойы шығарылады. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ,