17 Қыркүйек, 2011

Халықаралық басқосуға қатысты

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік ко­ми­те­тінің мүшесі Уәлихан Қали­жа­н Британия Парламентінің ша­қы­руымен Лондонда өткен «Кө­ші-қон және саяси баспана беру мәселесі» деп аталған ха­лық­ара­лық конференцияға қатысты. У.Қалижан конференцияда Қа­зақ­стандағы көші-қон және бос­қын­дар ережесі мен ХХI ғасырдағы босқындар мәртебесі бойынша кон­венцияны сәйкес­тен­дірудің бү­гінгі жағдайы тура­лы баяндама жасады. Депутат өз сөзінде  Қазақстандағы көші-қон жағдайы көптеген өзге­ріс­терді бастан кешіргенін атап өтті. Сонымен бірге, У.Қалижан төменгі палатаның ішкі саясат бой­ынша комитетінің төрағасы Кейт Возбен кездесті. Онда Қа­зақ­стан-Британия парламент­ара­лық ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен келешегі туралы депутаттық достық тобы шең­берінде дамыту ойластырылды. Кездесу нәтижесінде, британдық парламентшілер көші-қон мә­се­ле­сіне арналған келесі конфе­рен­цияны Астанада өткізу жөнінде ұсыныс жасады, деп ха­бар­лады Мәжілістің баспасөз қыз­меті.