Жазушылар одағында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қолдаған мерекелік пленум өтті.
Ширек ғасыр ішінде Орталық Азия аумағында ғана емес, күллі әлем мемлекеттері қатарында теңдессіз табыстарға жеткен Қазақстан экономикасы мен халық шаруашылығында, сондай-ақ, мәдени-рухани салада да көш бастады. Тәуелсіздік шын мәнінде ұлттық рухымыздың бастауы болды. Қаламгерлер алдында баяндама жасаған Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин Қазақстаннның Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қол жеткізген табыстары мен халықаралық дәрежедегі өрлей көтерілген беделі, ондағы Елбасы-Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегі туралы толымды ой қозғады. Еліміздегі тарихи маңызды экономикалық және саяси реформалар аясында мызғымас мемлекеттік құрылым тұғырын бекіткен Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегіне тоқталды.
Жарыссөзге шыққан жазушылар Сұлтанәлі Балғабайұлы, Кәдірбек Сегізбаев, Ахметжан Ашири, ақындар Бауыржан Бабажанұлы, Алмас Ахметбекұлы және басқалары ел Тәуелсіздігінің мәні мен маңызы туралы, 25 жыл ішіндегі Қазақстан халқы мен қазақтардың өсіп-өркендеу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды.
Қазақстан қаламгерлер мерекелік пленум үстінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қызу қолдап, қуаттайтындықтарын білдірді. Ол туралы арнайы үндеу қабылдады.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше