30 Қараша, 2016

Түркістан төріндегі тағылымды көрме

368 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2684_oko_3-1Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылды Мағжан ақын «Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой» деп жырға қосқан киелі шаһарда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Түркістан және Елбасы» көрмесінің ашылу рәсімін өткізді. Қорық-мұражай ие­лі­гіндегі Қожа Ахмет Ясауи кешенінде киіз туырлықты қазақты өз алдына ел қылуға еңбек сіңірген, тарихта орнын белгілеген Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан және Абылай хан сынды ардақтыларымыз мәңгі тыныштық тауып жатыр. Тағдыр тезі қазақты бодандықтан құтқармады. Абылай хан атойлап атқа мінген кезеңнен соң екі жүз жылдан астам бодандық қамытын киген қазақтың өз алдына азат ел болып, Тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр ғана болды. «Түркістан және Елбасы» көрмесінде еліміздің қилы тарихы өткенмен астасып осылай өріледі. Біз «Әзірет Сұлтан» мем­­ле­кет­тік тарихи-мәдени қорық мұражайы­ның дирек­торы Жандос Әбубә­кір­ден аталған көрменің мә­ні мен тағылымы туралы қысқа­ша айтып беруін өтін­ген едік. «Еліміз Тәуелсіздігіне ен­ді қол жеткізіп, егемен мем­лекет ретінде еңсесін тік­теп жатқан жауапты ке­зеңде Елбасы Түркістан қа­ласының абыройын ас­қақтатар, күллі түркі жұр­тының басын қосуға бағыт­талған жобаларды бекітті. Тұңғыш рет киелі мекеннен Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы халықаралық қазақ-түрік университеті ашыл­ды. Сонымен қатар, кесе­ненің көрік-келбетін қал­пына келтіруге күш жұ­мылдырып, 2000 жылы Түр­кістан қаласының 1500 жыл­дық мерейтойын ЮНЕСКО деңгей­ін­де атап өтуге барлық жағдай­ды жасады. Елба­сымыздың қасиетті ша­һар­ға әр сапары жақсы жаңалығы­мен жанға жебеу, ойға демеу болып келеді». «Әзірет Сұлтан» мем­­ле­кеттік тарихи-мә­дени қорық мұ­ра­жайының директоры Жандос Әбу­бәкір осылай деді. 2684_oko_4Көрме экспозициясына қорық-мұражай қорынан 50-ден астам жәдігер қойылыпты. Оның ішінде 1985 жылы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің Төрағасы егемен, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті тұсындағы, бауырлас Түрік Республикасының прези­дент­тері Тұрғыт Өзал, Сүлеймен Деми­рел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Режеп Ердоған, Өзбекстан Респуб­ликасының президенті И.Кари­мовпен Түркістандағы ресми кеңестері мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрген «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Казах­станский путь», «Бейбіт­шілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Евразийский Союз: идеи, практика перспективы», «Ku­tup Yildizi», «Nursultan Nazar­bayev» атты жарық көрген кітап­тары жұртшылыққа ұсынылған. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы­ның тұрақты экспозициясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қорық-мұражайға табыс еткен Құран Кәрім кітаптары, қазақы оюмен нақышталған зерлі шапаны тұр. Көрмені тамашалауға жұрт­шылық көптеп келуде. Олардың қатар­ында Ясауи кесенесіндегі ұлы әруақтарға зиярат етіп келгендер де бар. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы