30 Қараша, 2016

Түркияда алапат өрттен 12 адам қаза тапты

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ort Түркияның Адана провинциясындағы Аладаг қаласында жатақхана өртенді. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Оның 11-і оқушы, ал 1-еуі қызметкер, деп хабарлады Lenta.ru. Оқыс оқиға 29 қараша күні мектеп-интернатының оқушылары тұратын үш қабатты ғимаратында орын алған. Қаза тапқан балалар 10-16 жас аралығында. Бұдан бөлек, зардап шеккен 22 адам ауруханаға жатқызылды. Адана провинциясының губернаторы Махмут Демирташтың айтуынша, адамдар өрттен терезе арқылы қашқан, нәтижесінде кейбірі шыныға жарақаттанса, кейбірі түтінге уланған. Түркия парламентіндегі Адана провинциясының өкілі Омер Челек өрт электр желілерінен шыққан болуы мүмкін деген болжам жасады. Білім министрлігінің мәліметі бойынша, жатақхана 54 оқушыға арналған. Өрт шыққан кезде ғимарат ішінде 34 оқушы болды.
Соңғы жаңалықтар