30 Қараша, 2016

Еліміздің бас шыршасы Тәуелсіздік күнінен кейін жағылады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-11-16-elka

Биыл Астанада жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсан күні жағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, бас шырша «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында орналаспақшы. Жалпы, жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен тәуелсіздік мерекесіне дайындалуда. Астана қалалық Мәдениет басқармасының ақпаратына сүйенсек, елордада 17 шырша орнатылып, төрт мұз қалашығы бой көтермек. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 жаңажылдық шырша орнату жоспарланған. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны - Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы - ЭКСПО көрмесі де болады. Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынуда. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы - 5 мың шаршы метр.
Соңғы жаңалықтар