2016 жылғы 21 қараша Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 наурыздағы №333 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Магистралдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №46, 514-құжат;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы №333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №15, 123-құжат) .
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ