30 Қараша, 2016

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл төмендемейді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-11-16-gai

Жол-көлік оқиғаларын туындататын негізгі бұзушылықтарға қатысты айыппұлдарды төмендетудің қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жол ережесін бұзуға қатысты айыппұлдарды жоғарылату тәжірибесі аясында ережені бұзу фактілерінің азайғанын байқап отырмыз. Атап айтқанда, талап күшейтілген бағыттарда, яғни қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты асыру тұрғысында оң көрсеткіштер бар. Сондықтан да осы құқық бұзушылықтардың түрлері үшін айыппұлдарды төмендету қажеттігін көріп тұрғаным жоқ. Ал басқалары бойынша қарастырып көруге болады»,-деді министр. Қасымовтың сөзіне қарағанда, кейбір ереже бұзушылықтар бойынша талқылау жүргізу мүмкіндігі бар. «Ал жол-көлік оқиғаларын туындататын, ауыр салдарға алып келетін негізгі бұзушылықтарға қатысты өзгерістер енгізуді жөн деп санамаймын», – деді министр.