30 Қараша, 2016

Үздік жоба халықаралық стартап байқауына қатысады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің 100-ден астам стартапшысы Seedstars World байқауына қатысуға ниет білдірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Технологиялық стартапты дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» тақырыбында өткен брифинг барысында MOST бизнес-инкубаторының негізін қалаушы Павел Коктышев мәлім етті. «Бір ай ішінде қазақстандық жобалар арасында іріктеу жүргізілді. Еліміздің барлық өңірінен барлығы 100-ден астам өтінім түсті, оның ішінен іріктелген 10 стартап конференция барысында таныстырылады. Нәтижесінде сарапшылар бір қазақстандық жобаны таңдап, ол өзге де әлімдік стартаптармен бас жүлдеге таласатын болады. Ақтық сайыс 2017 жылғы 6 сәуірде Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді. Стартап байқауының сыйлық қоры 1 млн долларды құрайы», – деді П.Коктышев. Айта кетейік, өңірдегі стартап-экожүйені дамыту мақсатындағы Seedstars World байқау-конференциясы 3 желтоқсан күні Астана қаласында өтеді. Жобаның мақсаты - дамушы елдерде жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы технологиялық және инновациялық компаниялармен жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікті дамыту. Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан".