30 Қараша, 2016

Алдағы үш күнде республиканың кей өңірінде қар жауады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-11-16-sneg

Осы аптаның 1-3 желтоқсан күндері аралығында еліміздің кейбір өңірлерінде қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. «Қазақстан аумағында күрделі метеорологиялық жағдай күтілуде. Алдағы үш тәулікте ауа райын алдымен суық атмосфералық фронт, содан кейін оңтүстік циклон анықтайтын болады. Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ, кей жерлерге қар жауады», – дейді синоптиктер. Сонымен қатар, олар аталған өңірлерді күндізгі температура минус 3 - плюс 3ºС болып, көктайғақ күтілетінін айтуда. Қазақстанның оңтүстігінде 2 желтоқсанда күндіз, 3 желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2...плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады. Сондай-ақ, екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Сондықтан да синоптиктер жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болуды ескертеді.