30 Қараша, 2016

Қазақстанға визасыз 55 елдің азаматы келе алады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, алдағы жылдан бастап елімізге 55 елдің азаматы визасыз келіп-кете алады. «Өткен жылы біз еліміздің 19 стратегиялық әрі инвестициялық әріптесі үшін визасыз режім енгіздік. Бұл мемлекеттердің азаматтары екі апта рұқсатсыз жүруге мүмкіндік алды. Енді келесі жылы қаңтардың 1-нен бастап осы санаттағы мемлекеттердің саны 55-ке дейін артады. Визасыз режім бір жақты сипатта енгізіледі. Ал ондай рұқсаттың мерзімі 30 күнге дейін барады», – деді Ж.Қасымбек. Министрдің сөзіне қарағанда, осы және басқа да шаралардың арқасында Қазақстан экономикасына 230 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.