Ел тарихында тарихи құжаттарды сақтаудың орны ерекше екені белгілі. Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бергі уақыттарда мемлекетіміз осы бір аса құнды дүниелерді тиянақтауға ерекше мән беріп, Астанамызда оған арнап заманауи ғимарат тұрғызып, құжаттарды сақтаудың озық үлгідегі әдістерін қолға алған болатын.
Енді, міне, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елордадағы Ұлттық мұрағат мекемесі өз жәдігерлерінен сұрыпталған құжаттар негізінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты деректі көрме ұйымдастырып, қалың көпшілікке тарту етті. Әрісі 1976 жылдан бастап 2016 жылдар арасын қамтыған құжаттарды көрермендерге ұсынудағы мақсат – архив іс-қағаздары негізінде Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсете отырып, қолтаңбасын айшықтау мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде орын алған маңызды оқиғалар мен фактілер деңгейін паш ету болып табылады.
Деректі көрмеде негізінен Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі қалыптасуы мен даму тарихын баяндайтын аса құнды архивтік құжаттар, тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы заң жобалары, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, еліміздің астанасын белгілеу, көшіру мен атын өзгерту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін айшықтау, Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішіндегі негізгі құжаттар қойылыпты. Біле білсек, Қазақ елінің ең ұлағатты, ең тағылымды тарихы – осы. Ұлттық тарихтың жарқын беттері осылайша парақталмақ. Көрме қалың көрерменге еліміз тарихынан сыр шертер құнды дүниелерді ұсына біліпті.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026