Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында 200 төсектік көпсалалы облыстық балалар ауруханасы ашылды. Аурухананың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, академик, Қазақстан педиатриясының негізін салушы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Камал Ормантаев қатысты. Сыр жұртшылығын жаңа балалар ауруханасының ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан нәтижелі істер жөнінде айтты.
– Соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына қаралған қаржы 9 миллиард теңгеге өсті, яғни биылғы жылдың өзінде оның бюджеті 32 миллиард теңгені құрады. Осылайша біздің өңір денсаулық сақтау саласын қаржыландыру бойынша елімізде алғашқы орында тұр. Осындай қаржылай қолдаудың нәтижесінде аймақтың денсаулық сақтау саласы жақсы нәтижелерге жетіп келеді. Ана мен бала орталығы іске қосылды, міне, бүгін облыстық балалар ауруханасын ел игілігіне беріп отырмыз. Енді сырбойылықтар Астана, Алматы секілді ірі қалаларға бармай-ақ, осы жерден медициналық қызметтерді алатын болады. Мұның барлығы Елбасымыздың байыпты саясатының, еліміздің тәуелсіздігінің арқасы,– деп атап өтті облыс әкімі. Салтанатты шарада заманауи аурухананың ашылуымен қызылордалықтарды Камал Ормантаев пен сала ардагері Ернияз Омаров құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді. Жалпы ауданы 25 744 шаршы метр құрайтын ғимараттың құрылысы 2014 жылдың тамызында басталған. Құрылыс жұмысының бас мердігері – «Дәнекер» ЖШС. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 төсекке арналған реанимация және анестезиология бөлімшесі, кеңес беру-диагностикалық бөлімі орналасқан. Сондай-ақ, онкогематология бөлімшесінің құрамында қатерлі ісікке шалдыққан балаларды паллиативтік емдеуге арналған 5 төсектік бөлімше ашу жоспарланған. Кеңес беру-диагностикалық бөлімі заманауи УДЗ аппаратымен жабдықталған. Оған қоса, сәулелі диагностика КТ, МРТ аппараттары да жұмыс жасайды.
Айтулы мерекеге орай Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесі бойына салынған көпқабатты үйді де пайдалануға берді. Сәулетті тұрғын үй Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынған. Жаңа баспананың табалдырығын апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындары аттады. Бас мердігер «Асар-Құрылыс» ЖШС нысанды уақтылы және сапалы тұрғызғандығының нәтижесінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы толымды тартулар қатары толыға түсті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев: «Соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы, яғни 30 мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлады. Екі жыл ішінде пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы баспаналы болды. Биыл бір мезетте 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2013-2016 жылдар аралығында Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді. Соңғы үш жылда апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындары 144 жаңа пәтерге қол жеткізді. Ал бүгін біз тағы 60 пәтердің кілттерін табыстағалы отырмыз», деп жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Жалпы ауданы 4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің сметалық құны – 457,6 миллион теңге. Облыстық бюджеттен қаржыландырылған нысанның 20 пәтері – 2 бөлмелік, 40 пәтері – 3 бөлмелік. Қуанышты сәтті бастан кешкен жандардың бірі – Галина Смирнова. Ол «Титов» шағын ауданындағы жатақханадан жаңа үйге көшетіндігіне көпке дейін сене алмапты. Балаларға арналған ойын, спорт алаңдары бар мұндай әсем баспаналар Қызылорда қаласында көптеп салынуда. Егемендіктің ширек ғасыры тұсында жыл аяғына дейін қоныстойын тойлайтындар қатары әлі де толыға түсері сөзсіз.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
ҚЫЗЫЛОРДА

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026