Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Петропавлдан алыс орналасқан Заградовка елді мекенінде сәулетті спорт кешені пайдалануға берілді.
Бұған дейін балалар қысқы спорт түрлерінен жаттығуларды ашық аспан астында өткізіп келсе, енді 2 мың шаршы аумақты алып жатқан зәулім ғимаратқа қарай күн сайын асығатын болады. «Прометей-Агро» ЖШС директоры Юрий Шольдың айтуынша, әлеуметтік нысан серіктестіктің жеке қаражатынан тұрғызылып, ауылдастарына үлкен сый әзірлеген.
Спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов Заградовка ауылдық округінің хоккей командасына спорт жабдықтарын тарту етті.
– Осыдан екі жыл бұрын облыс орталығында құрылған «Құлагер» хоккей командасы биыл еліміздің кубогын жеңіп алды. Бірінші лигада өнер көрсететін «Қызылжар» футбол командасы ел біріншілігінде қола жүлдені иеленді. Қазір өңір тұрғындарының үштен бірі спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанады. Соңғы екі жылда 100 хоккей корты, 250 футбол алаңы іске қосылды, – деді Ерік Хамзаұлы құттықтау сөзінде.
Ересектер мен балалар мұнда қыста хоккей, жазда футбол, волейбол, баскетбол ойнайды. Коньки, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, үстел теннисі спорт түрлерімен айналысуға да барлық жағдай жасалған. Түрлі мерекелік шаралар да өткізуге болады. Нысанның ашылуына орай бірнеше аудан хоккейшілерінің қатысуымен шайбалы хоккейден турнир ұйымдастырылды.
Облыс әкімі «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты акция аясында Корнеевка гимназиясында өткен шараға қатысып, ұжымға компьютер сыйлады.
Ұлттық киім киген оқушылар қонақтарды төрт тілде қарсы алып, құрмет көрсетті. Мұндай оқу орындары елімізде жетеу ғана. 2009 жылдан бері «Мектептер – болашақ әріптестер» бағдарламасы қолданылады. Мұғалімдердің еңбекақысынан басқа қаражаттар Германия мен Австрия есебінен өтеледі. Гимназия директоры Екатерина Дунина 255 оқушының білім алатынын, 20 кабинеттің жұмыс істейтінін, барлық сыныптарға интерактивті тақталар орнатылғанын жеткізді. 85 орынды интернатта 14 елді мекеннің оқушылары тұрады. Асхана, наубайхана бар.
Спорт залдың күрделі жөндеуіне неміс кәсіпкерлері 10 миллион теңге бөлген екен. Мейбукан годзюрю каратэ бойынша жаттықтырушы Олег Антанкин биыл осында Қазақстан біріншілігі өткенін, 9 облыстан қатысқан 160 жас балғындар арасында гимназия 3-орынды жеңіп алғанын айтты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы,
Есіл ауданы
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026