Мен де тәуелсіз елдің түлегімін. Ширек ғасыр ішіндегі елімнің бүкіл қол жеткен жетістігінің көбі бала кезімнен бастап, осы күнге дейін көз алдымда тұр. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы қиын кез де еміс-еміс есімде. Одан кейінгі жылдары мектеп табалдырығын аттадым, білім алдым. Әсіресе, мына бір оқиға мен үшін ерекше деп білемін.
2000 жылғы Елбасы шыршасы Қарағанды қаласында өтті. Оған қатысатындардың арасында мен де жүрдім. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы сол шыршаға қатысады деген күннен бастап, біз қызу дайындық жасадық. Ұлттық киімдерімізді әзірлеп, неше түрлі ән-биді сол шараға орайластыра отырып әзірледік.
Күткен күн де келді. Елбасымен жүздестік. Сол сәттегі Нұрсұлтан ағаның бізге айтқан әрбір сөзі менің есімнен кетпейді. Бізді еркін елдің ұрпағы деп, мемлекетіміздің болашағы екенімізді де айтты. Әрқайсымызға жеке-жеке сыйлықтар тапсырып, өнерімізді тамашалады. Тіпті, ән әуенін бізбен бірге қосылып айтқанда, «Бүкіл жұртымызды бастап келе жатқан азамат та осындай әнге қосылады екен-ау!» деп таңғалдық.
Елбасына гүл апарып тапсырғанда ол кісі біздің маңдайымыздан сипағанда алақанынан бір жан дүниеңді тебірентетін жылуды сезінгенім бар. Қоштасар сәтте: «Біз сендерді бақытты ету үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ертең сендердің араларыңнан да үлкен азаматтар шығады. Ол үшін жақсы оқыңдар, жыл сайын Жаңа жыл шыршасында осылай жүздесе берейік!» деген аталы сөзі менің кеудемде жатталып қалды.
Президентті теледидардан, газет беттерінен көргенде ол кісінің сол кездегі мейірімі есіме түсе береді. Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітіріп, «Қазақмыстың» сақтандыру компаниясында қызмет істеп жүрмін. Тұрмысқа шығып шаңырақ көтердік. Осының, бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ақ батасының арқасы деп білемін. Біз Мәңгі Елдің ұрпағы ретінде Отанымыздың алтын діңгегі болып, алдыңғы толқын ағалардың ізін басып, ісін жалғау парыз деп білемін. Елбасымен болған сол кездесудегі суретті де қосып отырмын.
Гауһар ӘЛІМЖАНОВА,
қаржыгер
Қарағанды облысы

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше