Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы Дала ұлағаттары» экспозициялық көрмесі ашылды. Көрмеге Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жақында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлы Дала ұлағаттары» туындысы арқау етіп алынған.
Елбасы еңбегінің желісі бойынша ұйымдастырылған «Ұлы Дала ұлағаттары» көрмесі «Туған елім – тірегім», «Ел мен ер және жер», «Тәуелсіздіктің тал бесігі», «Туған тілдің тұғыры», «Қиырдан келсе қандастар» және «Жаңғырып келер жас толқын», «Қарияларымыз – қазынамыз» атты бөлімдерден тұрады. Соған орай келушілер көрме арқылы ширек ғасырда халқымыз атқарған ұлан-ғайыр жұмыстардың куәгеріне айналады.
Салтанатты шарада Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Доғалақов пен құрметті теміржолшы Қ.Әлсейітов екеуі көрме шымылдығын ашты. Сөйлегендер Ұлы Дала елі – Қазақстан Республикасының қалыптасып, дүние жүзіндегі ең озық 30 елдің қатарына қосылуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен ерен еңбегін атап көрсетіп, халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы құтты қадамдарының одан әрі қайырлы болуына тілектестіктерін білдірді.
Салтанат соңында тәуелсіздік куәгерлері – қала ардагерлерінің бір тобына Елбасының музейде кітапша етіп басып шығарылған «Ұлы Дала ұлағаттары» туындысы мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше