01 Желтоқсан, 2016

Нағыз көшбасшы

486 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

05-09-da9_9820Н.Ә.Назарбаев туралы әлемнің көрнекті саясаткерлерінің пікірлері осындай

Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті: – Біз Ресей – Қазақ­стан қатынас­тарын дамы­туға Сіздің қанша­лық­ты зор жеке ықыласы­ңыз­ды бөлеті­ніңізді көріп отыр­мыз. Осы тіке­­лей ат са­лы­су­дың арқа­сын­да біздің қарым-қатынас­тары­­мыз өте тиімді түрде әрі жедел қарқынмен дамып келеді. Екі мемлекет ара­сындағы тауар айналымының көлемі өсе түсуде. Сіз интеграциялық үдеріс­терде, әсіресе, оның ең мәнді нысандары мен түрлері бойынша сөзсіз көшбас­шысыз. Қазақстанның қол же­т­кізген табыстары Сіздің аты­ңызбен тікелей байланысты. Сіздің еңбегіңізді өз отандастарыңыз ғана емес, миллиондаған ресейліктер де шынайы құрмет тұтады. Сіз еуразиялық кеңістіктегі инте­грациялық үде­ріс­тердің нағыз архитекторы болып есептелесіз. Си ЦЗИНЬПИН, ҚХР Төрағасы: – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнін­дегі кеңестің бастамашысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Біз оның үлкен саяси көрегендігі мен аймақтық қауіпсіздік пен әлем­дегі бейбітшілікті  қамта­масыз етуді өзінің пары­зы санайтын қасиеті­не тәнтіміз. АӨСШК-ні құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Бұл бастама бүгінде өз өміршеңді­гін дәлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты. Барак ОБАМА, АҚШ Президенті: – Өз тәуелсіздігін алған кезең­­­нен бері Қазақстан мәдени, конфессиялық және этностық алуанды­ғынан қуат алуын жал­ғастырып келеді. Үкімет пен халық орасан әлеуетін танытатын нарықтық экономика құрды. Қазақстан халқы осы жетістіктерін орынды мақ­таныш ете алады. АҚШ пен Қазақстан арасындағы страте­гия­­лық әріптестік туралы үнқатысу қазіргі заман­ғы шақыруларды шешуге деген ортақ ұстаным­дарымыздың куәсі болып табылады. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы жағдайға байланысты нақты ұстанымы үшін ризашылық білдіремін. Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерілетудегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын. Пан Ги МУН, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы: –  Әлемдік және дәс­түр­­лі діндер лидерлері­нің съезіне қатысу­шылар­дың барлығы­на сәлем жолдау мен үшін зор абырой. Мен Президент Н.Назарбаевқа және Қазақстан Рес­пуб­ли­касы­ның Үкіметіне осын­д­ай аса қажетті үнқа­тысу­ға бүкіл әлемнен діни ли­дер­лерді жинағаны үшін алғыс айтамын. Толеранттылық, құрмет, бүкіл адамзаттың өзара түсіністігі мен тең құқылы болуы сияқты жалпыадам­заттық құндылықтар барлық діннің өзегі болып табылады, сондай-ақ, ол Адам құқықтарының бүкіләлемдік декларациясында бекітілген. Қандай болмасын дін жолын ұстанатын адамдарды бейбітшілікке және лайықты өмірге ұмтылыс біріктіреді. Үлкен бір отбасының мүшелері сияқты біз ортақ проблемалармен және қауіп-қатерлермен бетпе-бет келеміз, барлық дінге сенушілер ортақ іске өз үлесін қосқан жағдайда ғана оларды еңсеру мүмкін болмақ. Дэвид КЭМЕРОН, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің бұрынғы Премьер-министрі: – Мен ең алғаш Сіздің елге сапармен келгені­ме қуаныш­тымын. Біз­дің екіжақты қаты­нас­тарымыз жаңа деңгейге көтері­летінін зор қуаныш­пен атап өткім келеді. Оған елдеріміз ара­сын­дағы стратегиялық серіктес­тік туралы келісім ай­қын дәлел болады. Қазақстан бүгінде Сіздің бас­шы­­лығыңызбен қарқынды дамып келеді. Қазақ­стан­ның ықпалы алдағы уақытта да арта беретініне сенімдіміз. Біздер Ауғанстан бойынша бірлескен жұмысты белсенді түр­де дамытудамыз. Қазақстан бұл мәселеде маңызды және оң рөл атқарады. Қазақ­стан­ның болашағы зор, ал Ұлыбритания осы болашақтың маңызды бөлігі бола алады. Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР Канцлері: – Жауапты міндеттерді әрі қарай атқаруыңызда Сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономи­калық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады.  Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті: – Біз әр жолы Астанада бол­ғанда, өзімізге әлдене алуға тырысамыз. Бұл қалада озық технология, қызғылықты архитектуралық ойлар бар. Қазақстанды біз Беларусь үшін ең тиімді және перспективалы серіктес ретінде танып келеміз. Сіздің елде біз үшін әртүрлі жобаларды жүзеге асыруға ешқандай проблема жоқ. Бұл ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Рим Папасы Бенедикт XVI: – Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза! Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі Сізге және Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу игі тілектерімді жолдауыма қуанышты мүмкіндік туғызып отыр. Еліңіздің Тәуелсіздігінің мереке­сіне орай, Жаратушы еліңіздің тұр­ғын­дарының неғұрлым үйлесімді әрі әділетті қоғам құруына қуат беріп, олардың отбасылық, әлеумет­тік және ұлттық өмірлері нұрлы болып, мәдени және рухани құндылықтарды құрметтеуді нәсіп етсін деп тілеймін. Жоғары мәртебелі, Сізге және елдің барлық азаматтарына Жарат­қаннан шапағат тілеймін.  КИРИЛЛ, Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы: – Өскелең ұрпақпен діни-ағарту­шылық жұмыс жүргізу білімді және үйлесімді қоғам құруға айтар­лық­тай үлес қосып, ұлтара­лық қаты­нас­тардағы шие­леніс деңгейін төмендетуге жағдай жасай алар еді, бұл болашақ­та қазіргі заман бетпе-бет келіп отырған көптеген проблемалардан құтылуға көмектесері анық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дінаралық үнқаты­су­ды қолдағаны, әртүрлі дін ұстану­шы­лардың жүре­гіне жақын бейбітшілік пен өзара көмек идея­ларының жолын ұстанғаны үшін шынайы риза­лығымды білдіремін.  Абдулла ГҮЛ, Түркия Республикасының 11-ші Президенті: – Әр сапарымда өркендей түс­кеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстан­ның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көреген­ділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұ­мыстарына түрік компаниялары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі ретінде бағалаймыз. Ламберто ЗАНЬЕР, ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы: – Біз Қазақстанмен жұмыс істеу әдісін жаңартуды қалаймыз. Мұндағы қызметімді толықтай жаңғыртуға мүдделіміз. Сондай-ақ, қауіпсіздік тұрғысындағы іс-шаралардың аса маңыздылығын атап өткім келеді. Атлантикадан Владивостокқа дейінгі аумақта тұрақтылықтың сақталуын қадағалау басты міндетіміз. Қауіпсіз­дік шаралары кешенді түрде жүр­гізілуі үшін бірлесе қадам жасауымыз қажет.  Эмомали РАХМОН, Тәжікстан Президенті: – Ашық-жарқындығы, шын­шыл­дығы, тартым­дылығы, адам­ға сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарих­тың алдындағы жоғары жауап­кершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстан­ды Кеңестен кейінгі кеңіс­тіктің дамыған мем­ле­кет­терінің біріне айналдырды. Қазақстан­ның әлеу­меттік-экономикалық саладағы табыстары тағы­лым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәти­желерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы. Франсуа ОЛЛАНД, Француз Республикасының Президенті: – Франция Орталық Азия­дағы ірі экономикасы бар ел – Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі. Сіздердің елдеріңіз эконо­микалық даму жөнін­дегі мақ­сат­тарын табысты жүзеге асы­рып қана қойған жоқ, ол сон­дай-ақ, өзінің көршілерімен тең дәре­­же­­де үнқатысу жүргізіп, ірі саяси мәні бар оқиғаларға ықпал етуге мүм­кіндік беретін маңызды саяси және дип­ломатиялық рөл атқарады. Милош ЗЕМАН, Чех Республикасының Президенті: – Қазақстан мен Чехия арасын­дағы түрлі саладағы ынтымақтастық­ты дамытудың маңызы зор. Бүгінде жаңа Жібек жолының әлеуетін ашу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз Сіздің елдің қазіргі дамуына ғана емес, оның әлеуетіне де Орталық Азиядағы маңызды орын алатынын ескере отырып баға береміз.  Алмазбек АТАМБАЕВ, Қырғыз Республикасының Президенті: – Қырғызстанда елеулі энергети­калық проблемалар бар. Осы және басқа да көптеген мәселеде бізге көмек көрсеткеніңіз, біздің жүрегіміз бен жадымызда әрдайым сақталады. Мұндай ықылас пен қолдауға бүкіл Қырғызстан халқы дән риза. Осы жыл­дар ішінде Сіздің ел қандай секі­ріс жасағанын біз көріп отырмыз. Ильхам ӘЛИЕВ, Әзербайжан Президенті: – Әзербайжан мен Қазақстанды көп ғасырдан бері жалғасып келе жатқан достық, тату көршілестік пен ынтымақтастық байланыстырады. Мен осы жақсы дәстүрлерге негізделген біздің мемлекетаралық қарым-қатынасымыз тату халқымыз бен елдеріміздің игілігі үшін бола­шақта да дамиды деп сенемін. Нарендра МОДИ, Үндістанның Премьер-министрі: – Қайта сайлануыңыз Қазақстан халқы­ның Сіздің көреген көшбас­шылыңызға деген сенімінің жарқын айғағы болып табылады. Сізге қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан ұлт қалыптастыру жолын­дағы күш-жігеріңіздің табысты болуын тілегім келеді. Қазақ­стан Сіздің басшылығыңызбен ілгерілеу мен дамудың жаңа сатысына аяқ басатынына сенімдімін. Сіздің қолдауыңызбен түрлі саладағы ынтымақтастығымызды болашақта бұдан да жоғары деңгейге көтере алатынымызға сенімдімін. Хасан РУХАНИ, Иран Ислам Республикасының Президенті: – Халық жасаған таңдау біздің екі­жақты ынты­мақтас­тық аясында жос­пар­ланған бағдарлама­лар­ды жүзеге асыруда жемісті жұмыс істеуімізге жақсы мүмкіндік береді. Сізге мықты денсау­лық пен зор табыс, ал дос­тас Қазақ­стан халқына бақ-береке тілеймін. Салман Бен Әбдел Әзиз ӘЛ САУД, Сауд Арабиясының Королі: – Осы мүмкіндікті пайдалана оты­­рып, біз Сауд Арабиясы мен Қазақ­­стан­ның арасындағы бауыр­ластық, достық байланысты жоғары бағалайтынымыз­ды айтқым келеді. Бауырлас елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынас­тарды барлық салада бұдан әрі де нығайтып, дамыта беруге ниет­тіміз. Тони Тан Кен ЯМ, Сингапур Республикасының Президенті: – Сингапур мен Қазақстан ара­сында жақсы достық қарым-қатынас орнаған. Сіздің бас­шылығыңызбен екіжақ­­ты ынты­мақт­астықтың нығая беретініне сенімдімін. Халықтары­мыздың игілігі үшін өзара ықпалдас­тықты дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс істейміз деп үміттенемін.