01 Желтоқсан, 2016

Алматыда енді Роза Бағланова, Бәйкен Әшімов көшелері бар

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы қаласында 6 көшенің атауы өзгертілді, деп хабарланды «Алматы ақшамы» газетінің сайтында. Таяуда Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша аталатын болды. Атап айтсақ, төмендегі көшелердің атаулары: Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша: 1. «Көкқайнар» шағынауданындағы «Абай» көшесі - «Әзірбайжан Мәмбетов» көшесі; 2. «Әйгерім-1,2» шағынауданындағы «Ленин» көшесі - «Василий Бенберин» көшесі; Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша: 3. «Левон Мирзоян» көшесі - «Шапық Шөкин» көшесі; Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша: 4. «8-линия» көшесі - «Ербол Сыпатаев» көшесі; Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша: 5. «Көктөбе» шағынауданындағы «Жамбыл Жабаев» көшесі - «Роза Бағланова» көшесі; Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша: 6. «Қалқаман-2» шағынауданындағы «Мұхтар Әуезов» көшесі - «Бәйкен Әшімов» көшесі болып қайта аталатын болды.