Елорданың Тәуелсіздік сарайының ғимаратында ел тарихының әрбір жылының басты оқиғалары мен жетістіктері туралы баяндайтын «Тәуелсіздік жылнамасы - 25» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оны Астана қаласының әкімдігі «National Geographic Қазақстан» журналымен бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақ елінің соңғы ширек ғасырдағы қалыптасу кезеңі, атаулы күндері, елеулі оқиғалары мен жүріп өткен жолын еске салып, көрсететін көрмеге Қазақстан және шетелдік фотомамандардың 80-нен астам еңбегі ұсынылады.
«Барлығыңызды келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз. Қазір сарайда түрлі оқиғалар орын алып жатыр. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудеміз. Осы мереке қарсаңында «тәуелсіздік» атауы бар осы сарайда Қазақстан жылнамасының көрмесін ашып отырмыз. Бұл жерде фотосуреттер арқылы еліміздің тарихы, табиғаты және байлығы туралы сыр шертетін 90-нан астам жұмыс қойылған», – деді Тәуелсіздік сарайының директоры Әсел Өміршина.
Фототілшілер өз туындыларын бұл көрмеге қою арқылы Қазақстанның бай мәдени мұрасына, төл тарихына, ұлттық бастауына деген махаббаты мен құрметін көрсетуді алдарына мақсат етіп қойып отыр. Егемендігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме қарашаның 30-нан бастап жыл соңына дейін Астанадағы Тәуелсіздік сарайының негізгі көрме залында өтеді.
• 01 Желтоқсан, 2016
Астанада Тәуелсіздікке арналған фотокөрме ашылды

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20