20 Қыркүйек, 2011

Денсаулығымыз өз қолымызда

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіз еліміздің басты  ұс­­та­нымы – қоғам мүшелерінің жай­машуақ өмірін, алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ету. Қоға­м­ның қуат­тылығы да осында. Әсі­ресе, са­ламатты өмір салтын қа­лып­тас­тыру мемлекеттік саясат­тың негізгі діңгегі саналады. Бұл бағыт­та­ғы жаппай қозғалыс 1999 жылғы 25 қыркүйекте «ХХІ ға­сырда – бар­шаға денсаулық!» ұра­нымен бас­талған еді. Ш­а­рапатты шара жыл сайынғы өз­індік атауымен түр­леніп, үздіксіз жалғасып келеді. Жақында ұйымдастырылған биылғы бұқаралық шара «Де­не­шынықтыру және спорт – ұлт ден­саулығының кепілі» ұранын кө­тер­ді. Алауы, әдеттегідей, Абы­лай хан алаңынан маздақ алған сала­маттылық мерекесінің салта­на­тын ашқан Көкшетау қала­сы­ның әкімі Мұнарбек Батырханов «Президенттік миляның» жаппай жүгі­рісін өзі бастап берді. Ал­дың­ғы сапта спорт ардагері Әбді­рахман Әбдірәшитов пен «Бола­шақ біздің қолымызда» жастар қо­ғамдық ұй­ымының жетекшісі Жанат Жа­қы­пов 1600 метрлік мә­ре­ден көрініп, өзгелерге үлгі көрсетті. Фестиваль шеңберінде облыс­тық «Бірлік» спартакиадасы өткі­зілді. Оған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызмет­кер­лері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қа­тысты. Сондай-ақ, «Жастар» және «Юбилейный» стадионда­рын­да, саябақтарда, Бұқпа тауы­ның бау­райында, қала аумағын­дағы Крас­ный-Яр кентінде жаппай жүгіріс­тің буы бұрқырап тұр­ды. Мара­фонға қатысушы 17 мы­ңнан астам адамының бірі – қала­лық про­ку­ратураның өкілі Ақыл­бек Сма­ғұ­лов маңызды шараны үшінші жыл қатарынан насихаттап жүр­се, гуманитарлық-техни­ка­лық ли­цей­дің оқушысы Жанар Дүйсе­но­ва бүкіл сыныбымен бірінші рет жарыс жолына шығыпты. Бақберген АМАЛБЕК, Көкшетау.