02 Желтоқсан, 2016

Жанды табиғат жайы талқыланды

928 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
osimdikter-men-zhanuarlar-duniesin-koМәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің мұрындық болуымен «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Комитет төрағасы Сапархан Омаров жетекшілік еткен жиынға депутаттар мен табиғатты қорғау және оны тиімді пайдаланудың әртүрлі салаларында қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, салаға жауапты мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысқан болатын. Алқалы жиында негізгі ба­я­н­дама жасаған Ауыл ша­руа­шы­лы­ғы вице-министрі Ер­лан Ны­сан­­баев орман мен жа­ну­ар­лар дүниесі және аң­шы­лық ша­руа­­шылығы, балық ша­руа­шы­лы­­ғы сияқты ерекше қор­ға­ла­тын табиғи ау­мақтарды дамы­ту са­ласы бойын­ша елімізде қол­­ға алынып жатқан жұ­мыс, жос­­пардың жай-күйімен та­ныс­­тыр­ды. Сөйтіп, салада қор­да­лан­ған мәселелерді ортаға са­лып, түйін­ді тарқатудың тетік­те­рін сөз етті. Ви­це-мини­стр­дің мә­ліметінше, елі­­міз­де ормандарды мо­лықтыру ау­мағы соңғы он жыл ішінде едәуір ұлғайған көрінеді. «Орман алқаптарын арттыру, қалаларды, өндіріс орталықтарын және басқа да елді мекендерді көгалдандыру бойынша қам­тылған аумақ көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Мәселен, 2005 жылы мұндай көрсеткіш 31 мың гектарды құраған болса, ағымдағы жылда бұл көлем 55 мың гектарға жетті. Тіпті ха­лықаралық ұйымдардың ат­са­лысуымен Арал теңізінің құр­ғаған табанындағы орман мелиоративтік екпелерін құру бойынша да жұмыстарымыз жүйелі орындалуда. Осылайша, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, жүзеге асырып жатқан жоспарларымыз әлі де өз жал­ға­сын табатын болады», деді Ерлан Нұралыұлы. Орайы келгенде, мұндай іске Мемлекет басшысының өзі өте белсенді қолдау білдіріп оты­ра­ты­ндығын да айта кеткен жөн. Өйткені, елді мекендер айналасында жасыл аймақтарды құру мен көгалдандыру шараларын жүргізу нәтижесінде, 1998-2016 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында 75 мың гектар ағаш егілген. Қазір Қазақстандағы жасыл желектендіру қарқынын бә­сең­­де­тіп алмау үшін Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі тарапынан бірқатар тегеурінді шешімдер қа­былдау қарастырылуда. Айталық, орман саласын қол­дау мен сауық­тыру мақ­са­тында жұмыр ағаш ма­те­риал­да­рының экспорты мен сек­сеу­іл алқаптарындағы ағаш ке­сулердің барлық түрлеріне мораторий жариялау, сонымен қатар, өртеңдерді пайдалану мен қылқан жапырақты ормандарда санитарлық ағаш кесулерге сөзсіз қатаң тыйым салу қажет көрінеді. Өзен, көлдердегі балықтар мен өсімдік атаулыны қорғауды және тиімді пайдаланудың амал-әрекеттері жан-жақты тал­­қыланған жиында сөз бол­ған өзекті мәселенің бірі – Қа­зақ­стандағы киіктердің жай-күйі болды. Вице-министрдің баян­дамасында осы күндері елі­міздегі киіктер 108 мың басты құ­рап отырғандығы айтылып, өт­­кен жылы Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында жаппай қыры­лған киіктердің саны мен оның негізгі себебіне де тоқталып өтті. «Өкінішке қарай, елімізде соңғы жылдары киіктердің жаппай қырылуы тіркелген болатын. 2010-11 жылдары Батыс Қазақстан облысында – 11 920, 2012 жылы Ақмола облысында – 926 киік, ал 2015 жылы жоғарыда атал­ған үш облыс аумағында 150 мыңнан астам бетпақдала по­пуляциясы киіктерінің өлексесі көмілді. Олардың са­ны­ның кемуіне бірден-бір әсер ете­тін фактор – пастереллез ауру­лары болып табылады», деді Е.Нысанбаев. Айта кетейік, отырыста жа­нуар­лар дүниесін қорғап, пайдалану мәселесіндегі кейбір заңнама­лық проблемалар жайында «Қансонар» республикалық қауымдастығы­ның бас директоры А.Бербер арнайы баяндама жасаса, елімізде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін зерттеу және сақтау жөнінде «Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры В.Воронова орамды ой айтты. Сонымен қатар, осы салаға қатысты тиісті заң та­­лаптарын бұзғандарды анық­тау мен жазалау турасында Іш­кі істер министрлігінің өкілі М.Қоржынбаев сөз сөйлеп, ха­лық­аралық тәжірибе негізінде жа­нуарлар дүниесін орнықты басқару ісіне қатысты БҰҰ Даму бағдарламасының биоалуандық және экожүйелер саласындағы жоба менеджері Т. Кертешев баян­дады. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»