02 Желтоқсан, 2016

Тұғырлы болсын теңгеміз

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Біздің шегенделген шекарамыз, бабаларымыздан мирас болып қал­ған байтақ даламыз, дархан қазақ­тың маңдайына Құдай бере салған Пре­зидентіміз бар. Ел Тәуел­сіз­дігі­нің жиырма бес жылдығы өз ал­дына, Қазақстан жұртшылығы үшін үлкен қуаныш, айрықша мере­ке. Жер бетінде төл рәміздері, төл тең­гесі жоқ қаншама халық бар десеңші. Төрт ұлдың анасы, алты неме­ренің әжесі ретінде айтпағым мынау еді, қараша айының екінші аптасында теледидардан жаңа банкноттың шыққанын көрдік. Отбасымызбен қуанғанымызды несін жасырайын. Сол мезетте егемен­дігіміздің алғашқы жыл­дары ойыма оралды. 1993 жылдың 13 қарашасында қолданысқа ен­гізілген бір теңге есіме түсті. Онда өзіміздің Отырардан шыққан әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз бейнеленген еді. Төл валютамызды қолымызға ұстап, шат-шадыман күй кешкеніміз қалай естен шықсын?! Міне, сол оқиғадан бері де жиырма үш жыл сырғып өте шықты. Бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бейнесі енгізілген банк­нотты көріп отыр­мыз. Мұны да дербес елдің тарихын­дағы ерекше оқиға дер едім. АҚШ-тың тұңғыш президенті Вашинг­тон­­ның да бейнесі олардың дол­ларынан көрініс тапқан. Ал біздің Көшбасшымыздың бейнесі – төл теңгемізде. Және мұның тұп-тура 1 желтоқсан – Тұңғыш Пре­зидент күнінде қолданысқа ен­гізілуі – нұр үстіне нұр жауғаны да! Мен жалақымды алғанда тарихи маңызы зор бұл банк­нотты өз немерелерім мен оқу­шы­ларыма міндетті түрде көр­сетемін. Жаңа теңгенің мәні мен маңызы жайында түсіндіріп айтатын боламын. Рас, біздің Мемлекет басшысының тәуел­сіздік жылдарындағы еңбе­гін, халықтың өрлеуіне, өркен­деуіне қосқан үлесін, ұлттар дос­тас­тығын нығайтуға сіңірген ерік-жігерін, маңдай терін, қандай шешен болсақ та, жеткізу қиын. Сондықтан да он жеті миллион халықтың оған деген құрметі мен ізеті бөлек. Сондықтан да аналық пейілмен төл теңгеміздің тұғырлы болуын тілеймін. Озипа Молбосынова, Шымкент қаласы №97 орта мектебі қазақ тілі және  әдебиеті пәнінің мұғалімі