02 Желтоқсан, 2016

Халық Тұңғышын ұлықтаған күн

188 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
respublika-sarayynyn-kabyrgasyna-taАлматыда Тұңғыш Президент күні салтанатпен атап өтіліп, Республика сарайының қабырғасына тарихи ескерткіш тақта орнатылды. Алматыдағы ұлан-асыр той дүрмегінің ерекше зор болуы­ның өз сыры бар. Бұдан ширек ғасыр бұрын – 1991 жылдың 10 жел­тоқсаны күні Тәуелсіз Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі дәл осы зәулім сарайда өт­кен болатын. Бізбен әңгімесінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин айтулы күнді былай еске алды: – Бұл күн, бұл дәуір бүкіл иісі қа­зақ­­тың басында ешқашан қай­­та­­­лан­­­байтындығымен де құр­мет­­ті әрі қасиетті. Ол – 1991 жыл­­­­дың 1 желтоқсаны. Сол күні ба­­ла­­­­ма­лы негізде сайлауға түскен Қа­зақ­­­­стан­ның Тұңғыш Пре­зи­­­денті Нұрсұлтан Назар­баев халықтан 97,3 пайыз дауыс алып, теңдессіз көрсеткішке ие болды. 10 желтоқсан күні, бү­гін­­гі салтанат өтіп жатқан Рес­пуб­­лика сарайында Қазақстан тарихын­да алғаш рет Тұңғыш Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Араға алты күн салып Қазақстан өзінің Тұңғыш Президентінің үнімен күллі әлемге Тәуелсіздігін жария етті. Сол тұстағы Жоғарғы Кеңестің депутаты ретінде, қалам­гер ретінде, қазақтың азатты­ғын аңсаған миллион санды азама­ты­ның бір өкілі ретінде осынау тарихи шараның басы-қасында жүрдім... Осыдан 25 жыл бұрын осы ғимаратта өткен Қазақстан Респуб­ликасының тұңғыш сайланған Президентінің қызметіне кірісуін ұлықтау рәсіміне Жоғарғы Кеңес­тің 12-ші шақырылымының сол кездегі депутаттары Сұлтан Сар­таев, Нығмет Жотабаев, Эрик Гукасов сияқты және басқа да көптеген азаматтар мерекенің құр­метті қонақтары санатында шақы­ры­лыпты. Төрде отырды. Алматы қаласының әкімі Бауыр­­жан Байбек мәртебелі қо­нақ­­тар мен жиналған халық ал­­­дын­­да сөз сөйлеп, сайлау мәр­те­­­бесі мен құқықтық демо­кратия­­сын сыйлайтын зайыр­лы ел­дер­дің бәрінде мұндай дата­лар­ды еш­қашан да айналып өтпе­ге­нін еске салды. Елі үшін қыз­мет еткен тұл­ғалардың есімін ұлық­тау шара­лары әрдайым Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасының қолдауымен жүргізіліп келетіні де сондықтан, деді қала әкімі. Қазақстан тарихына ерекше жыл болып енген биылғы ел Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығы мен Жел­тоқсан оқиғасының 30 жыл­дығына орай еліміздің егемендігі жолында еңбек еткен бір топ азамат пен мемлекет қайраткерлерінің есімдерін қала көшелеріне беру туралы шешім қабылданғанын халық ду қол шапалақтап қарсы алды. Қазақ ұғымында жеті саны қашанда қасиетті саналған. Салтанат үстінде шаһар әкімі Алматының ақсақалдар ал­қасы, зиялы қауым өкілдері мен қо­ғамдық кеңестің ұсынысы бо­йынша, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі көптеген ұсыныстар ескеріліп, қалалық онамастикалық комиссияның шешіміне сай қалалық мәслихаттың қолдауымен Алматы көшелеріне 7 азаматтың – Халық Қаһарманы, КСРО және халық артистері Роза Бағланова мен Әзірбайжан Мәмбетовтің, Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті, академик Шапық Шөкиннің, Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Василий Бенбериннің, белгілі қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Бәйкен Әшімовтің, елімі­з­дің ғылым мен білім сала­сы­ның қалыптасуына зор еңбек сіңірген ғалым, тарих ғылым­дарының докторы, профессор, академик Тоқмұхамед Садықовтың және 1986 жылғы Желтоқсан оқи­ғасының құрбаны, батырымыз Ербол Сыпатаевтың есімдері беріл­генін жариялады. Бұдан соң бүгінгі тарихи оқи­ға­ға орайластырылып, Респуб­ли­ка сарайының қабырғасына ор­на­лас­тырылған ескерткіш тақта ашылды. – Әр уақыт, әр кезең өзінің көсе­мін, ел көшін бастайтын аза­матын таңдайды. Қазақтың тұң­ғыш Тәуелсіздік кезеңі Нұрсұлтан Назарбаевты таңдады. Одан қоғам да, халық та қателескен жоқ, – деді біздің сауалымызға орай жауап қайтарған Елбасының сол жыл­дардағы сайлауалды штабы­ның жетекшісі, Тұңғыш Прези­денті­міздің ұлықтау рәсімін өткізу жөнін­­дегі комиссияның төрағасы, ака­демик Мырзатай Жолдасбеков. – Мына халық нөпі­рі­не назар салыңызшы. Бәрінің де көңіл күйі көтеріңкі. Бүгін Алматыда күн де ашылып, жайма­шуақ, мамыражай болып тұр. Ал кеше қандай еді?! Жалпы, мен сізге айтайын, Нұрекең – Тұң­­ғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев заты тегін адам емес. Ол кісінің сапарға шыққан сәтін­де дауыл соғып жатқан жердің өзінде ол ұшақтан түскенде дауыл тоқтайды. Нұрекеңнің табаны тиген жерде табиғат тылсым күшке еніп тына қалады. Ол туралы талай рет айттым, жаздым. Естеріңізде болар, осыдан 25 жылғы Астананың табиғаты қандай еді, бүгін қандай... Осындай құдіреті бар жан. Бүгінгі Президент күні құтты болсын, айналайын қауым!!! Мерекелі күнге арналған шат-шадыман концерт басталды. Жаңа дәуірдің, жаңа заманның жаңа есімдері – бүгінгі эстрада өнерпаздары Ерболат Құдайберген мен Төреғали Төреәлінің екпіндете салған патриоттық сезімге, жастық жалынға толы әсерлі әндері жи­нал­ған жұртқа рух беріп, ақбас Алатау­дың етегіндегі алып шаһар­дың аспанын жаңғыртты. Алтын күннің шапағына оранған ақ ұлпалы Алматының барлық бұрышында бұл күні Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени шаралар сән-салтанатымен өтіп жатты...  Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ