Екібастұзда раушан гүлдерінің 400 мың түбі Ресейге экспортталды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Жылыжай кешенінің директоры Аймағанбет Сәрсенбекұлының айтуынша, қазір бұл жерде айына 600 мың түп гүл алынады. Оның 60 пайызы соңғы екі айдан бері Ресей еліне жеткізіле бастаған. Әсіресе, Мәскеу, Краснодар, Омбы, Новосібір аймақтарынан сұраныс көп.
«Тапсырыс берушілерді ең алдымен, гүлдің ұзақ уақытқа сақталу қасиеті мен тиімді бағасы қызықтырады. Қазақстан бойынша гүл нарығын жаулап алдық десек болады. Батыс өңірлерден басқа, Оңтүстік, Солтүстік, Орталық Қазақстанды осы раушан гүлдермен қамтимыз. Алайда Батыс Қазақстанға жеткізу әзірге қиынға соғып тұр. Алдағы уақытта бұл мәселе де шешімін табады. Қазір раушан гүлдердің қосымша тағы алты түрін отырғызамыз. Бұл – «авалани», «биколор», «шерпа» атауына ие қызыл, ақ, сары және аралас гүлдер. Сұраныстың артуына байланысты келесі жылы тағы 5 га аумаққа кеңею жоспарда бар. Қазір кәсіпорында 70-ке тарта адам жұмыс істейді», – деді инвестор.
Айта кетерлігі, кешен биыл ақпан айында іске қосылған. Жобаға 3,2 млрд теңге инвестиция құйылды. Голландиялық технологиямен салынған жылыжайдың аумағы 5 га құрайды. Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС – 1» ЖШС-нің жанында ашылған жылыжай электр қуатын арзан бағамен осы станциядан алады. Голландиялық раушан гүлінің 20-ға тарта түрі арнайы минералды мақтада тамшылатып суару тәсілімен өсіріледі. Оның ішінде «Red naomi» сұрыбы жоғары сұранысқа ие.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді
Ата заң • Бүгін, 17:05
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30