02 Желтоқсан, 2016

Жедел жәрдем 5 жылда 33 млн рет шақырылған

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20150504_103435

2011 жылдан 2015 жыл аралығында Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметінде (бұдан әрі - ЖМК) 33 млн. 615 мың 411 шақырту жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Өңірлер арасында ең көп шақырылым саны Оңтүстік – Қазақстан (4 млн. 619 мың), Алматы (4 млн. 49 мың) және Шығыс-Қазақстан облыстарында (3 млн. 454 мың) тіркелген, сонымен қатар Алматы қаласында – 3 млн. 452 мың. Азырақ жедел медициналық көмек қызметіне жүгінген Атырау облысының тұрғындары, барлығы 858 мың шақырылым.

Қазақстанда соңғы 10 жылда ЖМК-ке қажеттіліктің артуы байқалады: 2015 жылы 4,6 млн. шақырылымнан 2015 жылы 7 млн. дейін.

Шақырылған жерге бригаданың тез келуін қамтамасыз етуде уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи талаптар мен стандарттарға сай жаңа медициналық жабдықтар мен аппаратуралар, автомобильдермен реанимобильдер сатып алдынды.

Бүгінгі күнде ЖМК қызметінде 20 мыңнан аса адам қызмет етеді. Республика бойынша 24 дербес станциялар және 62 кіші станциялар жұмыс істейді, бір тәулікке 1300 бригада және автокөлік бірліктері жұмылдырылған.

Республикалық санитариялық авиация орталығымен ЖМК көліктерін бақылау және көрсеткіштерін мониторингілеу бірегей жүйесі жасалған, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен парамедиктерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттарын оқыту қажеттілігі анықталған, ЖМК қызметінің үйлестіру жүйесі жетілдірілуде (қалалық станциялар, ЖМК ауылдық пункттері).

Республика өңірлерінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін, кеңдігін және сапасын жақсарту мақсатында телемедицина жаңа моделінің концепциясы жасалды.

ЖМК және санитариялық авиацияның қызметкерлерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттары бойынша тәжірибелік дағдыларына оқыту үшін Республикалық санитариялық авиация базасында оқу-тренинг орталығы ашылған.