02 Желтоқсан, 2016

"Ақтөбе" ФК бас бапкері тағайындалды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_201617 «Ақтөбе» ФК жаңа бас бапкері болып Рахаев Игорь Владимирович тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. Игорь Владимирович Рахаев (26 мамыр 1973, Украин ССР, КСРО) – украиналық футболшы, алаңдағы орны жартылай қорғаушы. 2002 жылдан бері бапкерлік қызметте. Украина Премьер-Лигасындағы Харковтік «Металлист» командасының экс-бапкері. Харьков мемлекеттік дене шынықтыру академиясын тәмәмдаған. Футболдағы алғашқы қадамын екінші одақтық лигада 1990 жылы харьковтік «Маяк» командасында жасаған. 1992 жылдың ортасында Украинаның жағарғы лигасында ойнайтын Запорежье қаласының «Торпедо» командасына ауысты. 1995 жылдан бастап «Металлист» Харьков командасында ойнады. Ал 1997 жылдан бастап «Металлисттің» қосалқы құрамында өнер көрсетті. 1998 жылдың екінші жартысынан бастап Харьков қаласының «Арсенал» командасында әуесқойлар лигасында ойнады. Бапкер ретінде 2002 жылдан бастап 2005 жылдың қаңтар айына дейін «Арсенал» Харьков командасын баптады. Сондай-ақ 2005 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін «Металлист» командасының тізгінін ұстады. 2016 жылдың қаңтар айында Молдованың «Заря» командасының бапкері атанды. Мамыр айында Рахаев «Зарямен» Молдова Кубогын жеңіп алды (клуб тарихында алғаш рет), алайда біріншіліктің аяқталуына 3 ойын қалғанда бапкер командадан кететінін мәлімдеді.