Бейбіт жиындар мен шеру ұйымдастырып, ұлтаралық араздықты қоздырғаны, сондай-ақ жалған лаңкестік үшін сотталғандар рақымшылыққа ілікпейді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау турал» заң жобасы бойынша жұмыс тобы отырысының алдында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді.
«Бұл бап заң жобасының тізіміне рақымшылыққа шектеу ретінде енгізілген. Яғни, осы баптар бойынша рақымшылық қолдануға шектеу қойылған. Сонымен қатар, бір топ адам жасаған жемқорлық қылмысқа немесе аса ауыр қылмыстарға да тыйым салынады», – деді Меркель.
Аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағандар шығынды толығымен қайтарған кезде жаза мерзімін қысқарта алады.
Айта кетейік, Елбасы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес өз бастауымен Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын енгізген. Бұл бастама Мәжілістің жұмысына 30 қарашада алынған болатын.
Аталған заң жобасы бойынша, азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтары, оның ішінде кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе мүгедек балалары бар әйелдер, мүгедектер, қарт адамдар әрі ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар қылмыстық жазадан босатылады.

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше