Париж, Мехико, Мадрид пен Афина қалалары 2025 жылға қарай дизельмен жүретін көліктерге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мексикада өткен C40 қала басшыларының кездесуінде белгілі болды, деп хабарлады BBC.
Аталған төрт қаланың басшылары келесі онжылдықта дизельмен жүретін барлық жеңіл және жүк көліктеріне тыйым салмақ. Олардың айтуынша, бұл шешім ауаның тазалығын сақтап қана қоймай, электр, сутегі және гибридті көліктер санын арттыруға да септігін тигізеді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер мен велосипедпен қатынаушылардың санын да біршама көбейтеді.
Париж мэрі Энн Идальго "Біз Токионың үлгісімен қаламыздың ауасын ластайтын автокөліктерге тыйым салмақпыз", десе, Мадрид қаласының басшысы Мануэла Кармена "Ауаның тазалығы климаттың өзгеруіне қарсы күресімізге байланысты. Егер ауамыз таза болса, балаларымыздың да дені сау болады", - деді.
Бұл жағдай автокөлік шығарушылардың жоспарына да әсер етуі мүмкін. Себебі, көлік өнеркәсібі басқа да ірі қалалардың осындай шешім қабылдауы мүмкін екенін ескеріп, соған қарай бейімделетін болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атмосфераның ластануынан жыл сайын 3 млн адамның өлетіні айтады. Осыған орай дизельдің атмосфераға тигізетін зияны соңғы жылдары жиі талқыланып жүрген мәселелердің бірі.
• 02 Желтоқсан, 2016
Ірі қалалар дизельмен жүретін көліктерге тыйым салмақ

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше