02 Желтоқсан, 2016

Қарағандыда жаңа балабақша ашылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  balabaksha-1 Қарағанды қаласының «Кең дала» шағын ауданында 400 орынды «Шаңырақ» мемлекеттік балабақшасы ашылды. «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 400 балаға арналған балабақша ашылды. Балабақша қабырғасында өнегелі әрі эстетикалық тәрбиемен сусындаған болашақ ұрпағымыз мектепке дайындалады. Қазіргі таңда балабақшалар тек бюджет есебінен ғана емес, кәсіпкерлердің атсалысуымен де тұрғызылып жатыр. Осыған дейін облыста 27 жеке балалар бақшасы салынды. Мемлекет басшысының 2020 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі мекемелермен толықтай қамтамасыз етеміз деген тапсырмасын орындайтынымызға сенімдімін», - деді облыс әкімі. balabaksha Н.Әбдібеков мектепке дейінгі мекемеге теледидар мен электронды пианиноны сыйлады. Балабақшаның ашылуы 80-нен астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, «Шаңырақ» ішінде ата-аналармен шұғылдануға арналған «Анамның мектебі» орталығы ашылды.