02 Желтоқсан, 2016

Өлім жазасымен атылған адам 21 жылдан соң ақталды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sot-kytay

Фото GETTY IMAGES

Қытайда 21 жыл бұрын ең ауыр жазаға кесіліп, өлтірілген адамды ақтайтын сот шешімі шықты. Бұл туралы ВВС News хабарлайды. Хэбэй провинциясының тұрғыны Ние Шубин 1995 жылы әйел зорлап, өлтірді деген айып бойынша кінәлі табылып, 20 жасында атылып кеткен. Бүгін Жоғарғы сот Ние Шубиннің кінәсін дәлелдейтін фактілер жеткіліксіз деген шешім шығарды. 20 жылдан аса уақыт бойы Ниенің жазықсыз атылғанын дәлелдеу үшін күрескен жақындары өздерін қолдаған адамдарға алғыс айтты. Бір айта кетерлігі, 11 жыл бұрын екі әйелді өлтірген Ван Шужинь есімді сотталушы осы қылмысты өзі жасағанын мәлімдеген екен. Бірақ сот оның сөзіне қаперге алмаған. ВВС-дің хабарлауы бойынша, Қытай соттары қылмыстық істердің 99 пайызына ашылды деп үкім шығарады. Жылына мыңдаған адам өлім жазасына кесіледі, бірақ олардың саны мемлекеттік құпия болып саналады. Қытайда cот шешімдерінің қайта қаралып, сотталушының ақталуы өте сирек кездеседі. 2014 жылы Ішкі Моңғолия провинциясында 18 жыл бұрын сот үкімі бойынша өлтірілген жасөспірім ақталды. Марқұмның әке-шешесіне 30 000 юань (1 500 000 теңге) төленіп, ол іске жауапты 27 лауазымды тұлға жазаланды. ВВС-дің Пекиндегі тілшісінің айтуынша, Ние Шубин ісі Қытайдағы ең атышулы істердің бірі болған. 15319597_1203593213061121_616435644_n

Наи Шубин

  15328148_1203593273061115_686701812_n

Ван Шужинь