Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай оның Қостанай қаласының іргесіндегі кесенесі қайта салынатын болады. Бұл жөнінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов студент жастармен кездесуінде мәлімдеді.
Кемеңгер ағартушының облыста бірнеше шағын бюстері бар, бірақ еңселі ескерткіші облыс түгел республика көлемінде жоқ. Бірақ Архимед Бегенжаұлының айтуынша, қазір ағартушының ескерткішінен бұрын облыстағы кесенесі мен мемориалдық музейі жаңғырту, жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Сондықтан бюджеттен бөлінетін қаржыға бірінші орында осы жұмыстарды атқару тиімді деп есептеліп, Ыбырайдың кесенесін қайта салу керек деп шешілді. Өйткені 1992 жылы салынған кесене тозған. Сол аумақты – кешенды толық жаңғырту керек. Қазір Ыбырай сүйегі жатқан Қостанай ауданының әкімі Қайрат Ахметов кесененің жобасын сызатын архитекторлармен жұмыс жүргізуде, келер жылы оның сметалық құжаттары жасалады. Егер құжаттар тегіс дайын болса құрылыс келер жылы салынады, үлгермесе оны 2018 жылы бітіретін болады. Облыс әкімі ескерткіш туралы сөз одан кейін ғана қозғалатынын айтты.
Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан".

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше