Биыл алғаш рет Бірыңғай дистрибьютор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) аясында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу алдын ала өткізілді.
«1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылға қажеттіліктен берілген өтінімдерден 95 пайызы сатып алынды, ал қалған 5 пайыздық бөлігі бойынша жылдың соңына дейін іске асырылады. Алдын ала үнемдеу 10 млрд теңгені құрады»,– делінген Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінде.
2017 жылға «СК Фармация» ЖШС республиканың 1115 медициналық ұйымдары үшін барлығы 113,2 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алады. Келер жылға сатып алынған 896 препараттың ішінен 462-сі, яғни 51,56% – отандық өнім. 2010 жылдан бері қазақстандық қамтудың көлемі 6 есеге артты, ал өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге артты.
Айта кетейік, Бірыңғай дистрибьютор 15 қарашада ТМККК аясында дәрі-дәрмектердің 2016 жылға арналған жылдық қажеттілігін 100 пайыз көлемінде мерзімінен бұрын медициналық ұйымдарға жөнелтті.
• 02 Желтоқсан, 2016
Келесі жылға арналған дәрілік заттардың 95%-ы сатып алынды

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше