Стивен Хокинг
Британ теоретик-физигі Стивен Хокинг «Жер планетасы үшін ең қауіпті уақыт» туды деген жорамал болжам жасады. Бұл туралы ол The Guardian басылымындағы бағанасында жазады. Ғалым элиталар мен қарапайым адамдар арасындағы алшақтықтың ұлғайып бара жатқанына назар аударады. Хокингтің айтуына қарағанда, кәсіпорындарда жұмысты роботтарға беру, адам ресурстарын пайдаланып жоғары көлемде табыс табу қажеттігінің азаюы қоғамдағы әр түрлі топтағы адамдардың арасында қарым-қатынастың нашарлауына алып келеді. «Ғаламтор және платформалар экономикалық теңсіздіктің артуын тездетіп жатыр. Оның арқасында аз ғана адам қызметке аз ғана адамды жалдау арқылы шаш-етектен табыс тауып жатыр. Бұған қарсы тұра алмаймыз, бұл прогресс. Дегенмен әлеуметтік тұрғыдан бұл өте қауіпті», – деп жазады ғалым. Оның пікірінше, кейбір адамдардың қоғамдағы өзгерістерді қабылдай алмауы неге апарып соғатынын АҚШ-та президент сайлауы мен Ұлыбританиядағы Еуропа одағынан шығу жөнінде дауыс беру қорытындысы көрсетті. Стивен Хокинг аталған проблемаларды шешу үшін барлық елдер, қоғамның барлық топтары бірлесе күш салуы керектігін айтады. «Бәлкім, бірнеше ғасырдан кейін біз басқа жұлдыздардың айналасындағы ғаламшарларда өмір сүретін шығармыз. Бірақ қазір бізде бір ғана ғаламшар бар. Оны қорғау үшін біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін мемлекеттер арасындағы кедергілерді көбейту орнына, құртуымыз қажет» – дейді ол Стивен Хокинг.Берік Әбдіғали жаңа қызметке тағайындалды
Музей • Кеше
Шымкентте 6000 шетелдік көші-қон заңын бұзған
Шымкент • Кеше
«Аңсаған Сәби»: 8 мың нәресте дүниеге келген
Қоғам • Кеше
«Бекзат Саттарханов кім?»: Жаңа кітап оқырманға жол тартты
Руханият • Кеше
«IT TERGEU» жобасы: 5 азаматты алдаған интернет – алаяқ ұсталды
Аймақтар • Кеше