ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын азайту жөнінде мәжіліс өтті. Кеңеске Парламент Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева, сондай-ақ, орталық атқарушы органдардың, үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Елбасы мемлекеттік органдарға балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқандардың санын азайту туралы тапсырма бергені белгілі. Осы бағытта мемлекеттік органдар тарапынан жоспарлы және дәйекті жұмыс жүргізіліп жатыр. Балаларды отбасына орналастырудың баламалы формалары көбейіп, асырап алу, қамқорлыққа алу, патронаттан өзге, 2017 жылдан бастап қабылдау және қонақжай отбасылары формасы енеді. Бұлардың барлығы мемлекет тарапынан материалдық қолдауға ие болады», – деді Иманғали Тасмағамбетов.
Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бала асырап алудың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін биыл сәуір айынан бері жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың, сондай-ақ өз отбасына бала асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың Республикалық мәліметтер банкі қалыптасқанын мәлімдеді.
Жыл сайын алты мыңнан астам бала жасөспірімдерді бейімдеу орталықтары арқылы асырап алуға, қамқорлыққа және патронаттық тәрбиеге беріледі, туған ата-аналарына қайтарылады немесе жетімдер мен ата-анасының қорғауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге жіберіледі. Ал жаңа туған нәрестелердің ата-анасы анықталмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың қорғаншы және қамқоршы органдары сәбилерді бірден отбасыларына тәрбиеге бере алады.
«Барлық құзырлы мемлекеттік органдар балаларды асырап алуға, патронаттық тәрбиеге және отбасыларына беру арқылы жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің санын қысқарту үшін белсенді жұмыс жүргізуі қажет», - деді вице-премьер.
Сонымен қатар, мәжіліс қорытындысында И.Тасмағамбетов жауапты құрылымдарға Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беруде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы бөлігінде заңанаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
• 02 Желтоқсан, 2016
Тасмағамбетов балалар үйі тәрбиеленушілеріне қатысты тапсырма берді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше