Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, скрипкашы Айман Мұсақожаева отандастарымыздың жемісті еңбек жолын насихаттауды көздейтін ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасының кезекті кейіпкері.
Скрипкада ойнау үшін өте нәзік есту қабілеті мен еңбектену, табандылық болуға тиісті. Өйткені бұл аспап кінәмшыл, кірпияздығымен ерекше. Айман мектепте оқыған кезінен таңғы сағат 6-да тұрып скрипкасын қолына алып, репетиторияға барып, сабақ басталғанша дайындалатын. Анасының «ешкімнің қолына қарама, өз еңбегіңе сен» деген ақылы әлі есінде. Кешкі уақытта дайындалып тұрып өзі секілді кішкене балалардың, сыныптастарының аулада асыр салып ойнап жатқанын естісе де, скрипканың қыр-сырын меңгеруге ересектерше ден қоятын. Музыкаға құштарлығы бәрін ұмытырып, беріле ойнайтын.
Қожабек пен Рахила Мұсақожаевтардың төрт қызы қаздай тізіліп бір интернатта оқыды. Бір салаға, ішекті-ысқылы аспаптарда ойнап үйренуге барды. Жай оқып қойған жоқ, Раиса мен Айман скрипканы, Раушан қылқобызды, Бақытжан виолочель аспаптарын шебер меңгеріп, қазіргі кезде де бір оқу ордасында - Астанадағы Қазақ ұлттық музыка университетінде қызмет етуде.
Алға қойған мақсатына бойындағы жігерімен, еңбегімен жете білетін Айман республикалық К.Байсейiтова атындағы дарынды балалардың республикалық музыка мектебiнде профессор Н.Патрушевада оқыды. Әрі қарай Мәскеудегi П.Чайковский атындағы мемлекеттiк консерваторияда әйгілі профессор В.Климовтың класында оқуын жалғастырды.
Оның репертуарында әлем музыкасының жауһарларынан И.С.Бах, И.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховен, Н.Паганини, А.Хачатурян, И.Брамс, П.Чайковский, сияқты композиторлар туындылары мен КСРО халық артисі Е.Рахмадиев, замандасы С.Еркінбеков секілді отандық сазгерлер шығармалары орын алған. Сонымен бірге музыкант тыңдармандарына үнемі жаңа, заманауи музыкаларды ойнайды.
Тумысынан қайсар мінезді Айманның алғашқы жеңісі осыдан 40 жыл бұрын Белградта өткен Халықаралық конкурста болды. 18 жасар қазақ қызы ойнаған күрделі шығармасымен де, мықты техникасымен де, сирек кездесетін музыкалық ойжосығымен де тыңдаушыларын таң қалдырды. Осы кезден бастап Айман Қожабекқызының табысты шығармашылық жолы басталды. 1980-ші жылдары ол 4 халықаралық конкурста жеңімпаз атанды!
Скрипкашы жеке орындаушылық шығармашылығымен қатар ұстаздық, ұйымдастырушылық, қоғамдық еңбек жолын тепе-тең ұстады. 1992 жылы Мемлекеттiк «Солистер академиясы» Камералық оркестрiн құрып, көркемдік жетекші болды. Бай репертуарлы бұл ұжымының кәсіби орындаушылығын жақын және алыс шетелдердегі хас скрипкашылар жоғары деңгейде бағалады. Сонымен қатар А.Мұсақожаева жиырма жылдан астам уақыт Чайковский атындағы (Ресей), Абрам Ямпольский атындағы (Дубна), Микеланжело Аббадо атындағы (Италия) Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының тұрақты мүшесі.
Педагогикалық еңбек жолында ол халықаралық деңгейде Дүйсен Ордабек секілді талай скрипкашыны тәрбиеледі. Олар елімізде де, шетелдерде де қызмет етіп жүр. «Өмірдің бәрі жеңістен, табыстан тұрмайды. Жаратушы адамға өзіндегі кемшіліктермен жұмыс жасап, жетілдіре үсу үшін жеңілістерді де береді. Әрине сондай кезде өзіңе сырт көзбен қарап, шеберлігіңді одан әрі дамыта түсесің», – дейді скрипкашы.
Астанадағы 1998 жылы Қазақ Ұлттық музыка академиясының құрылуы Айман Қожабекқызының үлкен арманы еді. Елбасының қолдауымен отандық өнердің дамуына жол ашатын Оқу ордасы ашылды.
А.Мұсақожаеваның ұсынуымен қазіргі Университетте үш деңгейлі білім жүйесі – бастауыш, орта және жоғары білім беру жүзеге асырылуда. Мұнда түймедей боп келген жас дарындар музыкалық білімді біртіндеп кәсіби игеріп, ірі өнер тұлғаларынан дәріс алып, қалыптасқан музыкант боп бітіруде. Талапты жастарға білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен бірге кәсіби шыңдалу жолында ҚазҰМУ Мәскеу консерваториясы, Париж, Хельсинки, Хорватия музыкалық академияларымен өзара тәжірибе алмасу бағытында маңызды келiсiмшарттар жасалуда.
Скрипкашының осындай ірі білім беру орталығы музыканың барлық бағыттарында белсенді өнерпаздарды тәрбиелеп, Қазақстан өнерінің өсуіне дамылсыз үлесін қоса бермек.
Бақыт ЖОЛДЫБАЙҚЫЗЫ

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11