Соттар жұмыстарының қолжетімділігі мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтауға бағытталған online-сауалнамалау шеңберінде, респонденттер басқа ұсыныстармен қатар, сот қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізу қажеттілігі туралы айтылды.
Жоғарғы Сотта талқыланғаннан кейін негізді деп танылған азаматтардың ұсыныстарын жүзеге асыру мақсатында сот қызметкерлерін сот процесінің қатысушыларынан ерекшелеуге мүмкіндік беретін жапсырмасы бар ұстамды түстік гаммада орындалған нысанды киім эскизі әзірленді.
Пилоттық тәртіпте Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының соттарында құжаттарды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асыратын сот қызметкерлері және сот мәжілістерінің хатшылары нысанды киім үлгісімен қамтамасыз етілді. Қалған аймақтарда сот қызметкерлерін нысанды киіммен 100 % қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде.
Осы жобаны жүзеге асырудың жағымды нәтижелерін ескере келе, барлық өңірлерде сот қызметкерлерін бірыңғай нысанды киіммен тұрақты негізде қамтамасыз ету мәселесі талқылануда. Шараның мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарсыз жүзеге асырылғандығын атап өткен жөн.
• 02 Желтоқсан, 2016
Сот қызметкерлеріне бірыңғай киім үлгісі қарастырылады

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше