02 Желтоқсан, 2016

Алматы облысында жаңа логистикалық кешен ашылды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
logistic Тұңғыш Президент күніне орай Іле ауданы Казцик ауылында өндірістік аймақта орналасқан «Айсберг - Алматы» логистикалық кешені ашылды. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев қатысты, деп хабарлады ҚазАқпарат. Еліміздегі сауда-сатықтың өркендеуіне серпін беретін жобаға кәсіпкер тарапынан игерілген қаржы да қомақты. 2014 жылдан бері нысанды салу мен жабдықтауға жұмсалған жалпы иевестиция көлемі 2 жарым миллиардтан асады. Ең маңыздысы, азықтық өнімдерді -15 пен -25 градус аралығындағы температурада сақтай алады. Жаңаша үлгідегі қойма 120 мың текше метрді құрайды. «Бұл кәсіпорынның көлемі үлкен тоңазытқыштары бар. Мұндай технология Алматы облысында жоқ. Бұл бірінші жоба болып есептеледі. Сонымен қатар, Алматы қаласының іргесінде орналасқандықтан алып қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуде аса қажетті жоба болып есептеледі», - деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Қоңырбаев. Жаңа нысанда 130 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Оларға бар жағдай жасалған. Жалпы, бұл кешен алып шаһардың іргесінде орналасқандықтан сапалы қызмет көрсете алады. Тіпті. салқындатылған қоймаларды жалға беру жағы да қарастырылған.