03 Желтоқсан, 2016

Екібастұзда балалар үйінің тәрбиеленушілері баспаналы болды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ekibastuz Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Екібастұз қаласында «Үміт» балалар үйінің 13 тәрбиеленушісі баспаналы болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша  30-дан астам адам тұрғын үйге қол жеткізді. Аумағы үш мың шаршы метр, екі және үш бөлмелі 36 пәтерден тұратын ғимаратты салуға 172 млн теңге жұмсалды. Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Қайрат Нүкенов табыс етті. «Біздің отбасымыз пәтерге ие болып жатқаны үшін Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғысымды білдіремін. Балалар үйінің түлектері ретінде қала, мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетіп, әрқашан қамқоршы болып отыратындығын сезініп келеміз», - деп барлық түлектердің және өзінің отбасының атынан жылы лебізін білдірді Владимир Каширин.