03 Желтоқсан, 2016

ҚР АШМ Alibaba компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
alibaba Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық тауарөндірушілер өз тауарларын Қытайдың танымал Alibaba интернет-дүкені арқылы сатуына жол ашу үшін тиісті келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді. «Біз қазір отандық ауыл шаруашылық өндірушілері өз тауарларын электрондық сервистер арқылы саудалауға жол ашу үшін тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Қазіргі уақытта Alibaba сияқты ірі компаниямен бірлескен келіссөздер жүргізілуде. Олар қазақстандық өнімнің көлемі, сапасы туралы толық мағлұматтарды беретін болады», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері өзінің сапасының арқасында қытайлық тұтынушылар арасында жоғары бағаға ие.