Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін биылғы «Алтын адам» ұлттық сыйлығын иеленді.
Режиссердің жыл басынан бергі еңбектері мен жетістіктері көрерменнің есінде. Айталық, наурыз айында Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған байқауға Шекспирдің «Асауға – тұсау» комедиясымен қатысып, «Жылдың үздік режиссері» аталымын жеңіп алған-ды. Онымен қоса, «Еңлікгүл-2016» кәсіби сыйлығын еншіледі. Қыркүйек айында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25 жылдығына орай Беларусь Республикасының Брест қаласында өткен «Белая Вежа» ХХІ халықаралық театрлар фестиваліне Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтың «Шыңғысхан» спектаклімен қатысты. Мұнда да Н.Жақыпбайдың туындысы «Ең әсерлі қойылым» атанды.
Осы айда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласында Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалі өткен еді. Ж.Пило мен О.Шультездің «Моцарт» мюзиклімен бақ сынаған режиссер «Ең үздік спектакль» жүлдесін жеңіп алды. Қазан айында Талдықорған қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестиваліне Шекспирдің «Асауға – тұсау» комедиясын алып барған «Алтын адам» сыйлығының иесі бас тұғырдан көрінді.
Аталған қойылымдардың барлығын көпшілік Жастар театрының сахнасынан талантты әртістердің орындауында тамашалай алатындығын айта кеткіміз келеді.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше