03 Желтоқсан, 2016

Қаламгердің қос кітабы жарық көрді

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
untitled-1-29-11 untitled-29-11Алматыдағы «Дәстүр» баспасынан Тәуелсіздікке арналған әрқайсысының көлемі 40 баспа табақтан тұратын екі бірдей кітап жарыққа шықты. Алғашқысы – «Тәуелсіздік толғауы», екіншісі «Хранители сокровенного» деп атала­тын кітаптардың авторы, көркем­сөз шебері, Қазақ­стан Республикасы Мем­лекеттік сыйлығының лау­реаты, Махмұд Қашқари атын­дағы «Түрік әлеміне сіңір­­ген аса зор еңбегі үшін» Ха­лықаралық сыйлықтың лау­реаты Сәбит Досанов. «Тәуелсіздік толғауы» «Бұл осылай болған» деген де­ректі әңгімемен ашылады. Автор бұл шығармасында Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы­мен өмірге келген ТМД жайлы байыпты баян­дайды. «Кемеңгерлік құпиясы», «Ұлт бағына туған ұлы тұлға», «Көрегендіктің тағы бір көркем көрінісі» атты шығармаларда Елбасының көрегендігі мен халықтың ерен еңбегі арқасында тәуелсіздік жылдары еліміз жеткен жетіс­тіктер көркем образ, келіс­ті тілмен кестеленген. «Хранители сокровенного» кітабына топтасқан «Пре­зидент знает чаяния людей», «Территория мира и согласия», «Культура – это паспорт нации» деп тізбектелген көкейкесті көсемсөздерде автор тәуел­сіздік жайлы толымды ой толғайды. Қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген қос кітаптағы шығармалар – Тәуелсіздік жылдарының көркем шежіресі! Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»