03 Желтоқсан, 2016

Ел өміріне ықпал еткен шешімдер

187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
konfer-1-1республикалық конференцияға өзек болды Қарағанды мемлекеттік техникалық универ­ситетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Қазақстанды қалыптастыру бойынша тағдыршешті шешімдері» атты IV республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция болып өтті. Конференция шеңберінде ҚарМТУ-да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша құ­рыл­ған кен-метал­лургия кешенінің метанды энергетика зертханасы ашылды. Тұсаукесер рәсіміне Қара­ғанды облысының әкімі Нұр­мұхамбет Әбдібеков және конференцияның басқа да құрметті қонақтары қатысты. Зертхананы ашудағы мақсат  көмір қабаттарынан метан барлау мен алудың ғылыми негіздерін жасау болмақ. Кен-ме­таллур­гия кешенінің метанды энер­гетика зертханасы  тас­көмір шөгінділері құ­ра­мынан метан барлау, Қа­ра­ғанды бассейнінің көмір қабаттарынан метан зерттеу мен өндірудің ұзақ мер­зімді келешегін анық­тай­тын стра­тегиялық бағ­дарламаның бір бөлігі болып табылады. Зертхана «Agilent Technologies» (АҚШ), «Car­bolite Gero» (Ұлы­британия), «Eltra» (Италия), «Retsch» (Германия), «Radwag», «Geokrak» (Польша) сияқ­ты әлемдік деңгейдегі компа­ниялардың 140 млн теңге тұратын жабдықтарымен қам­тамасыз етілген. Құрметті қонақтар үшін Қарағанды мемлекеттік тех­ни­калық университеті бо­йынша экскурсия ұйым­дастырылып, соның барысында  олар «Ин­дус­трия­лық-инно­ва­ция­лық да­­­му бағдар­лама­сы-2» (ИИ­ДМБ-2) бойынша ма­мандар даярлаумен шұ­ғыл­­данатын инженерлік бағыттағы орталықтардың, қа­зақстандық дәнекерлеу инсти­тутының, инженерлік бейінді зерт­хананың жұ­мыс­­тарымен танысты. Конференцияда «Нұр Отан» партиясының жанын­дағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық ке­ңес төр­аға­сының бірінші орын­басары О.Әбді­кәрімов, Пар­ламент Сена­тының әлеу­меттік-мәдени даму және ғы­лым комитетінің төр­айы­мы Б.Әйтімова, Н.Ва­хитова, Қ.Ома­шев, Пар­ламент Сена­тының депута­ты С.Ершов, профессор, ҚазҰЖҒА академигі Н.Дрижд және басқалар баян­­дамалар жасады. Қа­зақстанның 15 базалық жо­ғары оқу орнының өкілдері онлайн режімде байланысқа қосылды. Айта кету керек, конференцияның жұмысына барлығы 10 мыңнан астам адам қатысты. Шараның ресми бөлігі аяқталар тұс­та конференцияға қатысу­шылардың Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Үндеуі жария­ланып, оны көпшілік бір­ауыздан қол­дады. Конференция шең­берінде ҚарМТУ-дің бас ғима­ратында Қазақстанның көр­некті қо­ғам қайраткері, қа­зақтан шық­қан тұңғыш заң магистрі, Алаш­орда Үкі­ме­тінің мүшесі, заңгер және этнограф Жақып Ақбаевтың 140 жылдығына арналған «Азаттықтың ұзақ жолы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараның алдында, оған қаты­сушылар Жақып Ақ­баевтың рухына тағзым етіп, оның Қара­ғандыдағы ескерт­кішіне гүл шоқтарын қой­ған болатын. Конференция соңында қа­рар қабылданып, үздік баян­дамашылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ