Маңғыстау облысы республикамызда бала туу көрсеткіші бойынша көш басында келеді. 1991 жылы өңірде 340 мың тұрғын болса, қазіргі таңда көшіп келушілер мен табиғи өсім есебінен бұл көрсеткіш 640 мың адамға жеткен. Тәуелсіздік алған соң еліміз бойынша алғаш ашылған Мұнайлы ауданын осыдан 9 жыл бұрын небәрі 43 мың адам мекен етсе, қазір ол – 140 мың тұрғыны бар іргелі аймақ.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева көп балалы аналардың бірқатарына «Алтын алқа» және «Күміс алқаны» табыс етті.
– Өңіріміздің бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы орында болуы – аналардың арқасы. Қазіргі таңда облыста 6472 «Алтын алқа», 7411 «Күміс алқа» иегері тұрады. Ел бірлігін, Отанымыздың гүлденуін отбасындағы өзара сыйластық, бауырмалдық сүйіспеншіліктер дамыта түседі. Сондықтан, аналардың баланы өмірге әкелумен бірге, оларды тәрбиелеудегі рөлі зор», – деді Б.Нұрғазиева.
Биыл өлкемізде «Алтын алқаға» қол жеткізген аналар саны 104 болса, 300 ана – «Күміс алқаның» иесі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 4 ана «Алтын алқаға», 7 ана «Күміс алқаға» ие болды. Алтын құрсақтылар арасындағы ең жасы – 35 жаста. Марапатталғандар арасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» Маңғыстау облыстық филиалының қызметкері, «ӨзенМұнайГаз» АҚ операторы, мейірбике бар.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы
Суретті түсірген
Серік МАЙЕМЕРОВ

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше