Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша 2016 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткер ойыншылардың үштігіне аргентиналық Лионель Месси, португалиялық Криштиану Роналду және француз Антуан Гризманн кіріп отыр. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
Жеңімпаздың аты-жөні Швейцарияда Цюрих қаласында 9 қаңтарда болатын салтанатты рәсім барысында жарияланбақ.
Месси «Барселона» құрамында Испания чемпионатында және кубогында жеңімпаз атанды. Аргентиналық болса, ұлттық құрама сапында Америка Кубогының финалына дейін жетті. Бұл жерде айта кетер жайт, финалдық матчта чилиліктер басым түскен болатын. Ал «Реал» шабуылшысы Роналду Чемпиондар лигасында мерейі үстем болды. Сондай-ақ, Португалия құрамасында ойнап, шешуші матчта турнир қожайыны Франция командасын жеңіп, Еуропа чемпионы атанды. Гризманн еуропалық біріншілікте қақпаға ең көп гол соққан шабуылшы атанған болатын.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше