Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер ESPN-ге берген сұхбатында американдық Дэниел Джейкоб командасымен арадағы келіссөз жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұдан бұрын Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) промоутерлерге екі жақ қол қойған келісімшартты 7 күннің ішінде ұсынуларын талап еткен болатын. Ондай болмаған жағдайда айқас промоутерлік сауда-саттыққа қойылмақ.
"Әдетте олар 10 күн беретін - бұл стандарт, бірақ мерзімнің ұзартылуы боксшының жеке кестесіне сәйкес 12 немесе 14 күн болуы да мүмкін. Менің ойымша, мәміле жасалатын шығар. Өйткені әр сөйлескен сайын Эл Хэймон маған Джейкобстың айқасқысы келетіндігін айтты, енді тек кейбір мәселелер ғана қалды, онымен жұмыс істеп жатырмыз",-деді Лёффлер.
Головкин - Джейкобс айқасы 10 желтоқсанда өтуі тиіс еді, бірақ табысты бөлу жағын промоутерлер реттей алмағандықтан жекпе-жек шамамен наурызға ауыстырылды.
Еске сала кетсек, тәртіп бойынша гонорар WBA титулының иегері Головкиннің пайдасында 75 те 25 пайыз болуы тиіс. Бірақ Хэймон мұны 60/40-қа өзгертуді сұрады. WBA олардың апелляциясын қабылдаған жоқ.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше