Режиссер, продюсер Ақан Сатаевтың есімі отандық студияның «Рэкетир», «Ағайынды», «Адасқан», «Жаужүрек мың бала» секілді фильмдерінен көпке танымал. Өнерлі жандардың отбасында дүниеге келген дарынды бала әке-шешесінің тағдыры елең еткізер адамдардың өмірі туралы жиі айтып отыратын әңгімелерін тыңдап өседі. Балалық шақтан есте қалған бұндай әңгімелердің кейбірі кейін оның өнер жолында оны кино етіп түсіруге түрткі де боп жатты. Оның бірі биылғы жылы ұсынылған режиссердің жаңа туындысы – «Анаға апарар жол» фильмі. Бұл фильм аз уақыттың ішінде халықаралық «Еуразиялық көпір» кинофестивалінде бас жүлдеге ие болғаны есімізде.
Режиссер «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында «Мұнда ең бастысы, ізгілік, патриоттық сезім, анаға, адамзатқа, туған Отанға, отандастарға деген сүйіспеншілік дәріптелген. Кино бүгінгі таңда қоғамдағы ең үлкен тәрбие, идеология құралы екені рас болса, бұл картина талай жүрекке жылу береді ғой деп ойлаймын», деді. Бұл фильмнің шыншылдығы кинотеатрға көру үшін барған аға буын көрермендердің қызығушылығынан да аңғарылды. Талай көрермен көзіне жас алды...
Ақан Қарғамбайұлының қай киносы да идеясы ізгілікті насихаттайды. Жалпы көпке мәлім деректің бірі, Ақанның шығармашылығы арқылы өз жолын кино өнерінде тауып, айқындап жүрген жас актерлердің (жұлдыздардың) шығуы. Мәселен, режиссердің өз сөзімен айтқанда «Районы» фильмінен 4-5 дарынды балалар шықпақ. Бұл да оның кәсібилігінің бір көрінісі болса керек.
Ақан Қарғамбайұлы өз еңбек жолын Т.Жүргенов атындағы өнер шаңырағында білім алған тоқсаныншы жылдары «Аллажар» (1993) және «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1999) фильмдеріне түсуден бастады. Өнер жолын актерлік ойындардан бастаған режиссер талабы әрқашан да өзгеше және жоғары болмақ. Сондықтан болар, Ақанның кейіпкерлерінің рольдері көрерменнің көңіл түйткіліндегі ойлармен астасып, адамның жан сарайындағы айтыла бермейтін сырларды қозғайды. Оның қай фильмі ұсынылса да, көпшіліктің жылы қабылдауына бөленіп отырды. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғаумен қатар, шығармашылығында тарихи, патриоттық тақырыптарға да орын берді.
Бір қызығы, оның түсірген туындылары жасты да, кәріні де кинотеатрға шақырады. Және де жаңа түсірілімді тамашалап қайтқан адам өкінбей, рухани азық алып қайтады десек, артық емес.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ізденімпаз режиссер Ақан Сатаевтың қазақ киносының өркендеуіне қосары әлі алда. Ол алда алатын биік асулары бар нағыз шығармашылық адамы.
Бақыт ЖОЛДЫБАЙҚЫЗЫ

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20