04 Желтоқсан, 2016

WhatsApp ескі смартфондардан өшіріледі

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
whatsapp-promo Биылғы жылдың соңынан бастап WhatsApp қосымшасын Android 2.1\2.2, Windows Phone 7, сондай-ақ iPhone 3GS\iOS6 операциялық жүйелерімен басқарылатын смартфондар пайдалана алмайды, деп хабарлайды telegraph.co.uk WhatsApp-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Басылымның хабарлауынша, ескі смартфондар сервисте әзірленіп жатқан жаңа мүмкіндіктерді орындай алмайтындықтан, осындай шешім қабылданған. Ал 2017 жылдың маусымында WhatsApp BlackBerry, сонымен қатар Symbian S40 және S60 фирмалық платформалары бар Nokia телефондарында өшеді.