04 Желтоқсан, 2016

Конфедерация кубогы: бокстан жеңімпаздар анықталды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
boks-konf

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогында бокстан финалдық кездесулер өз мәресіне жетті. Ақтық кезеңге шыққан Маңғыстау облысының командасы Астана қаласы боксшыларынан 6:4 есебімен жеңіске жетіп, бірінші орын алды. Сәйкесінше, Астана командасы екінші орын алса, үшінші орынға Алматы облысы мен Маңғыстау облыстары жайғасты.