05 Желтоқсан, 2016

Астанада 1-ауысымдағы бастауыш оқушыларына сабақ болмайды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-12-16-deti

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды, деп хабарланды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Астананың Білім басқармасының хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары мен балалардың денсаулығын сақтау мақсатында сабақ мынандай жағдайларда болмайды: -минус 25 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса - 1-4 сынып оқушыларына; - минус 30 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса - 1-9 сынып оқушыларына; - минус 35 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса - мектептің 1-11 (12) сынып оқушыларына, колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Сонымен қатар, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрден асатын болса, температура шегі артады. Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты таңертең сағат 6.45 - 7.00 аралығында, екінші ауысым түскі сағат 12.15 - 12.30 аралығында мына ақпарат көздерінен білуге болады:  - «Алма ТВ», «31 канал» және «СТВ» телеарналарында жүгіртпе жолдан; - «Алма ТВ» ақпараттық кабельді арнасында хабарландырудан; - Кабельді телеарналар қосылмаған болса, «Хабар», «Қазақстан 1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарнасында дауыстық хабарламадан, «Радио-Астана», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радиоларынан; -  169 (ақылы), 109 (тегін) нөмерлеріне ұялы телефоннан хабарласу арқылы; -  www. astana.gov Астана қаласы әкімдігінің сайтынан.